homepage

«Тура бір жыл болды»: төсекке таңылған сарбаздың қазіргі жағдайы туралы айтылды

Juzmedia. kz
05.12.2024, 17:58

Ұлттық ұланда қызмет етіп жүріп, мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтардың туыстары оның қазіргі жағдайы туралы желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“ӨМІР МЕН ӨЛІМНІҢ АРАСЫНДА КҮЙ КЕШІП КЕЛЕМІЗ...”

Олардың айтуынша, Ербаянның қайғылы жағдайға тап болғанына тура бір жыл толған.  

«4 желтоқсан - Ербаян әскери бөлімнен ауруханаға түскен күн. Яғни, трагедияға дәл бүгін бір жыл болды. Шындығы керек, бір жыл ішінде біздің, оның отбасының өмірі мүлде өзгерді. Ербаянмен бірге қиналып, Ербаян кішкене жақсы болса қуанып, өмір мен өлімнің арасында күй кешіп келеміз. Бірақ Құдайға шүкір, жалғыз емес екенімізді де білеміз. Сіздердің қолдауыңыз бізге дем береді. Сіздердің болғаныңызға шүкір», - деп жазды жігіттің туыстары.

Олар сондай-ақ Ербаянның аяғынан тік тұрып кететініне және оны осы күйге түсіргендер жазаланатынына әлі де үміттенетінін жеткізді.

«Сол үшін соңына дейін күресеміз. Қазір Ербаянның жағдайы бірқалыпты, Стамбулда емін жалғастырып жатыр», - деп жазды олар.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Еске салайық, 2024 жылдың мамыр айының соңында Ұлттық ұланның 22 жастағы сарбазы Ербаян Мұхтардың алты айлық қызметтен кейін күтпеген жерден комаға түскені белгілі болды.

Ресми нұсқа бойынша, ол дәретханаға құлап, басын соққан. Алайда туыстары бұған сенбейді, өйткені жай құлағаннан желке сүйегінің сынуы, ісіну, мидың ісінуі және бас сүйегіндегі түрлі гематома болуы мүмкін емес.

2024 жылдың 27 қыркүйегінде Ербаян Мұхтар адвокаттар мен жанашыр азаматтардың күш-жігерінің арқасында Түркияға емделуге жіберілді.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.