«Қазгидромет» 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде аяз сақталып, кей өңірлерде қар мен боран болады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік пен орталықта жел күшейіп, түнде ауа температурасы 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Семейде жауын-шашынсыз, түнде 32–34, күндіз 17–19 градус аяз.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Көкшетауда да қар жауып, түнде 17–19, күндіз 14–16 градус аяз.
Шығыс Қазақстан облысында сарышұнақ аяз сақталады: түнде солтүстік пен шығыста 45 градусқа дейін төмендейді. Өскеменде түнде 36–38, күндіз 20–22 градус аяз.
Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында негізінен жауын-шашынсыз, алайда аяз сақталады. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ байқалады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында қар мен бұрқасын.
Оңтүстік өңірлерде, соның ішінде Түркістан және Жамбыл облысында қар жауып, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Шымкентте күндіз қар жауып, ауа температурасы нөлге жуықтайды.
Алматы мен Алматы облысында жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ болады. Алматыда түнде 13–15, күндіз 6–8 градус аяз.
Астанада күндіз қар жауып, жел күшейеді. Түнде 20–22, күндіз 13–15 градус аяз болады.