homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

17.01.2026, 14:02

Алматы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, 54 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Төтенше жағдай туралы хабарлама «101» пультіне таңғы сағат 07:57-де түскен. Өрт №194 пәтерде шығып, жалпы аумағы 40 шаршы метрді қамтыған. Салдарынан пәтердегі жиһаздар мен тұрмыстық заттар толықтай жанып кеткен.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылының арқасында 4 адам құтқарылды, олардың үшеуі – балалар.Барлығы  54 тұрғын сыртқа шығарылды.

Өрт толықтай сөндірілген. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.