Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы Парыгино ауылында соңғы жылдардағы ең төменгі температура тіркелді. Тұрғындардың айтуынша, ауа температурасы –50 градустан төмен түскен деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Синоптиктердің дерегінше, 15 қаңтар күні термометр –45 градусты көрсеткен. Ал 16 қаңтардың таңында аяз күшейіп, ауа температурасы –53 градусқа дейін жеткен. Түскі уақытта да аяз сынбай, –48 градус шамасында сақталған.
Қазіргі уақытта әлеуметтік және өмірлік маңызды нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Ешқандай апат немесе іркіліс тіркелмеген.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері елдің барлық өңірлерінде аяз сақталады, ал оңтүстік аймақтарда қалың қар жауады. Мамандар қатты аяз кезінде алыс жолға шықпай, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау керектігін ескертеді.