Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігінің басқаруына өткізу туралы шұғыл тапсырма берді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұған қордың қаржылық қызметінен анықталған жүйелі кемшіліктер мен миллиардтаған шығындар себеп болған.
Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, қорға қомақты қаржы түскен сайын, оның тиімділігі керісінше төмендей берген. Министр бірнеше мысал келтірді. Соның бірі, елордалық жеке клиниканың бір дәрігері бір тәулікте 1 442 пациент, енді бір маман бір айда 4 832 адамды қабылдаған. Қызды-қыздымен “о дүниеліктерді” де емдеген жәйттер анықталды. Ер адамға маммография қызметі көрсетілгені де саладағы салғырттықты аңғартып берді.
Қаржы министрлігі салық органдарымен бірлесіп медициналық мекеме басшыларының табыстарын да тексерген. 2024–2025 жылдары 1 465 медициналық басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатып алған. 912 басшының меншігінде 1 416 автокөлік бар екені анықталды. Арасында 2 жылда 50-ден 120-ға дейін пәтер мен ғимарат, 20-дан астам көлік жинап үлгергендері де бар.
Тексеруден кейін премьер-министр Олжас Бектенов мынадай нақты тапсырмалар берді: