homepage
фото: ашық дереккөзден

Шашынан жұлып, сүйреген: Маржан Арапбаеваны ұрған күйеуі қамауға алынды

17.01.2026, 01:06

Астанада танымал әнші Маржан Арапбаеваны азаматтық некедегі күйеуі көпшіліктің көзінше ұрып-соққан. Ақпаратты Астана полициясы растады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Оқиға қаңтардың алғашқы күндерінде, түн ауған шақта елордадағы көңіл көтеретін орындардың бірінде болған. Әншіні күйеуі жұрт алдында балағаттап, шашынан жұлып, сүйреген. Жанжалға куә болғандар тез арада тәртіп сақшыларын шақырған. Оқиға орнына жеткен полиция 43 жастағы азаматты ұстап, үстінен әкімшілік іс қозғады. Маржан Арапбаеваның шағымынан соң, «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, ол он тәулікке қамауға алынды. 

Әншінің өзі бұл оқиғаға қатысты әзірге тіс жарған жоқ.