Астанада World Business Consulting қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген әйел Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Тергеу дерегінше, күдікті аталған қаржы пирамидасының құрылымын басқарып, оның бөлімшелер желісі 2018–2022 жылдары еліміздің әр өңірінде азаматтардың 6,5 млрд теңгеден астам қаржысын заңсыз тартқан. Қылмыстық ұйымның бірқатар қатысушылары бұған дейін сотталған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2025 жылдың қарашасында ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.