homepage
Фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстандық оқушы әлемнің ТОП-10 университетінен шақырту алды

16.01.2026, 15:40

Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Аяла Маханбетәлі әлемнің жетекші 10 университетінен ресми шақырту алды. Ұсыныстар талапкердің өз өтінішінсіз, жоғары оқу орындарының тікелей бастамасымен жолданған, деп хабарлайды Juzmedia.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Аяланы оқуға шақырған университеттер қатарында Harvard University, Brown University, University of Cambridge, Stanford University және MIT бар.

Жоғары оқу орындары оқушының академиялық жетістіктері мен зерттеушілік әлеуетін кешенді түрде бағалап, соның нәтижесінде оқуға шақырту жіберген.

Аялаға ұсынылған қаржылық қолдаудың жалпы көлемі 2 миллион АҚШ доллар. 

Қазіргі уақытта ол халықаралық жобаларға қатысып, Канададағы компанияда жұмыс істей жүріп, мектептегі оқуын қатар жалғастырып жатыр.