Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Рысқұлово ауылында бес жасар баланың көз алдында болған тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Оқиға жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. 45 жастағы ер адам бірге тұратын әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған әйел көз жұмды.Қылмыс кезінде олардың бес жасар баласы үйде болған.
Қайғылы жағдайдан кейін оқиға орнына аймақтық және республикалық ақпарат құралдарының өкілдері барған. Марқұмның туыстары пікір білдіруден бас тартты. Көршілердің айтуынша, ер адам сол күні мас күйде болған.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 14 қаңтарда күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның алдын ала дерегіне сәйкес, отбасылық жанжал кезінде ер адам азаматтық жұбайына екі рет пышақ жарақатын салған. Жарақаттанған әйелді туыстары таңып үлгергенімен, ол бірнеше сағаттан кейін алған жарақат салдарынан қайтыс болған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.