Шымкент қаласындағы мектептерге террористік шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат мессенджерлер арқылы тараған. Хабарламада қару-жарақтың суреттері жарияланып, бірқатар оқу орындарының атауы көрсетілген. Бұл жағдай ата-аналар арасында алаңдаушылық туғызды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Полиция аталған мәліметтің жалған екенін ресми түрде мәлімдеді. Құқық қорғау органдары хабарламада көрсетілген деректердің шындыққа жанаспайтынын атап өтіп, тиісті тексеру шаралары жүргізілгенін хабарлады. Қаладағы білім беру ұйымдарында қауіпсіздік талаптары күшейтілген.
Полиция қылмыс жасауға дайындық немесе террористік қауіп туралы жалған ақпарат таратқаны үшін заңда қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Мұндай әрекеттер үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.