АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадомен кездесті. 15 қаңтарда өткен жүздесуде тараптар Венесуэланың болашағын және талқылаған деп хабарлайды Juzmedia.kz Deutsche Welle сілтеме жасап.
Кездесуден соң Ақ үй алдында журналистерге пікір білдірген Мачадо Дональд Трампқа өзіне тиесілі Нобель сыйлығын «символикалық түрде табыстағанын» айтты. Оның сөзінше, бұл қадам АҚШ президентінің Венесуэла халқының бостандығына деген «ерекше ұстанымын мойындау» белгісі ретінде жасалған.
Оппозиция лидері кездесу сәтті өткенін атап өтіп, өз жақтастарына Трамптың қолдауына сенуге болатынын жеткізді.