homepage
Фото: sunna.kz.

Тұңғыш Бас мүфти Ратбек қажы Нысанбайұлы қайтыс болды

16.01.2026, 10:22

Қазақстанның тұңғыш Бас мүфтиі, белгілі дін қайраткері Ратбек қажы Нысанбайұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ратбек қажы Нысанбайұлы 1990 жылы Қазақстан қазияты Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан бөлініп шыққаннан кейін құрылған тәуелсіз муфтияттың алғашқы басшысы болды. Кейін бұл құрылым Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы деп аталды. Ол 1990–2000 жылдары еліміздің Бас мүфтиі қызметін атқарды.

Дін қайраткері 1940 жылғы 7 қарашада қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген. 1979–1990 жылдары Қазақстан қазиятының қазиы болды. Ратбек қажы Нысанбайұлы Құран Кәрімді қазақ тіліне аударуға атсалысып, ислам тақырыбында бірқатар кітаптың авторы атанды.

2020 жылы ол діни-рухани саладағы еңбегі үшін және 80 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысының Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталған.