homepage
Фото: Көлік министрлігінің баспасөзі

Маңғыстау облысында автобус жол апатына ұшырап, 4 адам көз жұмды

16.01.2026, 10:00

Маңғыстау облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, төрт адам қаза тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу бағытындағы автожолда болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Yutong маркалы автобусты басқарған жүргізуші көлікті игере алмай, автобус жол жиегіндегі кюветке аударылған.

Апат салдарынан төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы 42 адам түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің 17-сі ауруханаға жатқызылған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.