homepage
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанада ер адам есірткіні терезеден лақтырмақ болды

16.01.2026, 09:11

Астанада 48 жастағы ер адам пәтеріне тінтуге келген полицейлерден қашып, шамамен 3 келі марихуананы терезеден лақтыруға тырысқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ақмола облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, күдікті есірткіні елорда маңындағы өңірде таратумен айналысқан.

«Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында арнайы операция жүргізілді. Тінту барысында 57 орам және 3 полиэтилен қапқа салынған, жалпы салмағы 2,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді», – деп хабарлады ведомство.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.