homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ақмола облысында ғылымға бөлінген қаржы талан-таражға түсті

15.01.2026, 15:30

Ақмола облысында ғылым саласына бөлінген мемлекеттік қаражатты ысырап ету деректері анықталды, деп хабарлайды Juzmedia.kz Бас прокорутураға сүйеніп.

Атап айтқанда, ғылыми зерттеу жүргізіп, өнім шығаруға бөлінген 295 млн теңге көлеміндегі грант мақсатты пайдаланылмаған. 

Тағы бір ғылыми орталықта лауазымды тұлғалар ғылыми зерттеу аясында алынған 850 тоннадан астам тұқымдық дәнді қоқыс орнына шығарып тастап, мемлекетке 100 млн теңгеден астам шығын келтірген. Бұл дерек бойынша салғырттық фактісімен қылмыстық іс тіркелді.

Жалпы тексеру нәтижесінде мемлекет қаржыландырған, бірақ жүзеге аспаған 13 ғылыми жоба анықталды.