homepage
Фото: Depositphotos.com/ көрнекі сурет

Астанадан пәтер, Италиядан үй: жеке клиника басшысы МӘМС қорының қаржысын 3 жыл бойы жымқырып келген

15.01.2026, 12:37

Қаржылық мониторинг агенттігі екі жеке клиниканың басшысын құрығына түсірді. Ол жоқ пациенттерге ойдан диагноз қойып, емдеп, сол үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржы алып келген. 3 жылға созылған осы схема арқылы қордың 682 теңгесін қолды қылған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Клиникалар күн сайын 90–150 адамға қызмет көрсеттік деп есеп берген. Бірақ бұл адамдардың басым бөлігі шын мәнінде қабылдауда болмаған. Соның арқасында мемлекеттен көрсетілмеген қызмет үшін қомақты қаржы алған.

Тергеу барысында медициналық орталықтар МӘМС қорынан жалпы 682 миллион теңгені заңсыз алғаны анықталған. Ал 2024 жылдың қаңтарында соның 364 миллион теңгесі клиника басшысы мен оның жұбайының жеке есепшоттарына аударылған. 

Қазір бұл іс бойынша күдікті қамауға алынды. Сот оның мүлкіне де тыйым салды. Атап айтқанда, Испаниядағы үйі, Астанадағы пәтері және автокөлігі бұғатталған. Қазір тергеу жалғасып жатыр, басқа деректер әзірге жарияланған жоқ.