homepage
фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ақордаға келді

14.01.2026, 19:57

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Айбек Сәттібаев ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

2020 жылдың қаңтар айынан бастап Каспий ӘКК басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Сол жылы тамызда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол Ли Куан Ю қоғамдық саясат мектебінде, Эссекс университетінде және Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде оқыған.