homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Air Astana ұшағы Қызылордаға қона алмады

14.01.2026, 18:02

13 қаңтар күні Алматыдан Қызылордаға бағыт алған Airbus A320 әуеге көтеріліп, Алматы әуежайына қайта қонды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, ұшақты кері қайтару шешімі Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандардың болмауына байланысты қабылданған.

«Қызылорда әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан, әуе кемесі Алматыға оралды. Алайда Алматыдағы ауа райы жағдайына және Airbus NEO әуе кемелерін пайдалануға қатысты шектеулерге байланысты рейсті FlyArystan әуе кемесімен орындауға тура келді, осының салдарынан қосымша кідіріс болды», – деп хабарлады компания.

Рейс Алматыдан қайтадан сағат 02:34-те ұшып шыққан. Нәтижесінде, рейс 12 сағат 24 минутқа кешікті. Әуе компаниясы жолаушыларға тамақ пен сусын ұсынып, 36 жолаушыны қонақ үйге орналастырған.