Таиландтың Накхонратчасима провинциясында жолаушылар пойызы теміржол үстіне құлаған құрылыс кранымен соқтығысты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Апат салдарынан пойыз рельстен шығып, бірнеше вагоны өртенген. Жергілікті билік пен төтенше қызметтердің мәліметінше, оқиға салдарынан кемінде 22 адам қаза тауып, 40-тан астам жолаушы түрлі деңгейде жарақат алған. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Алдын ала дерек бойынша, пойыз Бангкоктан елдің солтүстік-шығысындағы бағытқа бет алған сәтте, теміржол маңындағы құрылыс алаңында тұрған кран жолға құлап кеткен. Таиландтың көлік министрлігі оқиғаға байланысты арнайы тергеу басталғанын мәлімдеді. Қайғылы жағдайдың нақты себебі анықталып жатыр.