homepage
Фото: Pavel Mikheyev / File Photo / Reuters

Қазақстандық әуекомпанияларға Иран әуе кеңістігін айналып өту ұсынылды

02.10.2024, 09:12

"Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, баламалы бағыттарды таңдау, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұған дейін жіберілген нұсқауларды басшылыққа алу ұсынылды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Иран Израильге жаппай зымыран шабуылын жасады деп хабарланған болатын. Израиль мемлекеті мұны жауапсыз қалдырмайтындықтарын мәлімдеген.