homepage
Фото: gov.kz

Мәжіліс спикері дайындықсыз келген вице-министрге сын айтты

14.01.2026, 12:13

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековке депутаттардың сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны үшін ескерту жасады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Палата отырысы барысында вице-министрдің бірқатар сауалға дайындықсыз келгені байқалды. Әсіресе депутат Ерболат Саурықов ұсынған заң жобасына қатысты сұрақ жауапсыз қалды. Айдар Әбілдабеков біраз ойланып, нақты уәж айта алмай, жазбаша жауап жолдайтынын мәлімдеген.

Осы жайттан кейін Мәжіліс спикері Үкімет өкілдерінің Парламент отырысына салғырт қарауын сынға алып, депутаттардың сауалына сол жерде, мазмұнды жауап беру – атқарушы орган өкілдерінің тікелей міндеті екенін еске салды.