АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ақ үйде Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен және Гренландияның Сыртқы істер министрі Вивиан Моцфельдтпен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Дания Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөздерге АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те қатысады.
Ақ үйдегі кездесуден кейін, 19 қаңтар күні Данияның Қорғаныс министрі Троэльс Лунд Поульсен, Гренландия Сыртқы істер министрі және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте қатысатын жеке келіссөздер өткізу жоспарланған.
Кездесулер барысында Арктика аймағындағы қауіпсіздік мәселелері мен Гренландияның мәртебесіне қатысты тақырыптар талқыланбақ.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Конгресінде Гренландияны АҚШ құрамына қосу туралы заң жобасы ұсынылған. Құжат авторы, конгрессмен Ренди Файн, аралды АҚШ-тың бір штатына айналдыру керек деген ұстанымда.