АҚШ президенті Дональд Трамп Иран халқына наразылықтарды тоқтатпауға үндеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Трамптың айтуынша, бейбіт халыққа қарсы қантөгіс тоқтамайынша ресми Тегеранмен ешқандай кездесу өтпейді. Ол Иран азаматтарын шегінбеуге, мемлекеттік мекемелерді бақылауға алуға және қылмысқа барған тұлғалардың есімдерін есте сақтауға шақырды.
«Иранның нағыз патриоттары, наразылықты тоқтатпаңдар, мемлекеттік мекемелерді бақылауға алыңдар. Қылмыс жасағандардың есімдерін жаттап алыңдар, олар өз жазасын алады. Наразы топқа қарсы жасалған қантөгіс тоқтамайынша, Иран басшыларымен кездесулер өтпейді. Көмек келе жатыр. Иранды қайтадан ұлы мемлекет етейік!», – деп жазды Ақ үй басшысы.