homepage
Фото: ашық дереккөз

-42 градус аяз: Қазақстанға арктикалық циклон келе жатыр

14.01.2026, 04:25

Алдағы екі күнде Қазақстанда күн күрт суытып, сынап бағанасы түнде -42 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Әсіресе, арктикалық циклонның әсерінен елдің солтүстігінде аяз күшіне мінеді. Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Ұлытау облыстарында күндіз -32, түнде -42 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр.

Метеорологтар солтүстік пен шығыс өңірлердің тұрғындарына далада көп жүрмеуге кеңес береді.

Өзге өңірлерде де күн суытып, қатты жел тұрады.

Астанада бүгін 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылды.