homepage
Фото: ашық дереккөзден

Екі аптада екі мың адам: Иран билігі наразылық құрбандарының санын жария етті

13.01.2026, 20:15

Иран билігі алғаш рет елдегі наразылық барысында қаза тапқандардың санын жария етті. Екі аптада екі мыңға жуық адам шейіт болған, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Қаза тапқандардың арасында күштік құрылым қызметкерлері де бар. Бұл туралы Reuters агенттігіне аты-жөнін жарияламауды сұрап ирандық шенеунік хабарлаған. 

Иранда жағдай әлі де күрделі. Ел билігі елдегі бүлікке АҚШ пен Израильді айыптап отыр. Бүгін Дональд Трамп TruthSocial желісінде жазба қалдырып, “көмектің” келе жатқанын мәлімдеген. 

“Иран патриорттары, наразылықты жалғастыра беріңіздер. Сіздерге қажетті көмек келе жатыр”, – деп жазды ол.