Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражаттың жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ КҮШ ҚОЛДАНҒАН БА?
Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
“Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп осы фактіні тергеу барысында, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болды”, – делінген прокуратура хабарламасында
Сонымен қатар соңғыдан 15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген.
ҚАМАУҒА САНКЦИЯ БЕРІЛДІ
“3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысын, “К” және “О” азаматтарын қамауға алуға санкция берілді”, - делінген хабарламада.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.