homepage
фото: ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяның экс-президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін

13.01.2026, 19:04

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль өлім жазасына кесілуі мүмкін. Ел прокуратруасы осындай жаза сұрап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Ол елде бүлік шығарды деп айыпталып отыр. Алайда, нақты үкім ақпан айының басында шығарылмақ. Экс-президентпен бірге барлығы сегіз адам ұсталып, жазасын күтіп отыр. Олардың арасында елдің бұрынғы Қорғаныс министрі, бас полицей бар. 

65 жасқа толған Юн Сок Ёль Оңтүстік Кореяны 2022-2025 аралығында тура үш жыл басқарды.