homepage
фото: reuters

"Қазмұнайгазға" еншілес компанияның танкеріне шабуыл жасалды

13.01.2026, 18:49

“Қазмұнайгаздың” еншілес ұйымы “Қазақтеңізкөлікфлоты” Matilda кемесін жалға алған. Бүгін сол танкерге шабуыл жасалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Каспий Құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 2026 жылғы 18 қаңтарға жоспарланған.

“Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ”, -деп хабарлады ҚМГ баспасөз қызметі. 

Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, бірінші тексеру кезінде кеме құрылымының айтарлықтай зақымдану белгілері анықталмады. Залал көлемін бағалау жүріп жатыр. 

Бүгін Қара теңіздегі төрт бірдей танкерге шабуыл жасалды. Олар Теңіз бен Қарашығанақ мұнайын тасымалдауға бара жатқан. КҚК жасалған өткен жолғы шабуылдан келген материалдық шығынның көлемі 1,5 млрд доллардан асып кетті деп отыр сарапшылар.