homepage
Фото: CHatGPT арқылы жасалды

Қазақстан аспанында екі ұшақ соқтығыса жаздады

13.01.2026, 17:08

10 қаңтарда Шымкент әуе қозғалысын басқару аймағында ресейлік және өзбек әуе кемелері бір-біріне тым жақын ұшқан, бұл әуе кеңістігіндегі қауіпсіздікті өрсекел бұзу болып саналады. Бұл туралы бүгін Көлік министрлігі хабарлады, деп жазады Juzmedia.kz.

Министрлік мәліметінше, оқиға Uzbekistan Airways әуе компаниясының Airbus A320 және «Победа» әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшақтарының қатысуымен тіркелген.

Астана уақытымен таңғы 05:42 шамасында Шымкент өңірлік диспетчерлік орталығының А2И секторында Внуково – Самарқанд бағытымен ұшқан PBD997 рейсі мен Термез – Мәскеу бағыты бойынша орындалған UZB9609 рейсі бір-бірімен соқтығыса жаздады. 

Қолданыстағы талаптарға сәйкес, бұл оқиға ауыр авиациялық жағдай ретінде бағаланып, міндетті тергеп-тексеруге жатады.

Көлік министрлігінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрылады. Тергеу мерзімі комиссияны тағайындау жөніндегі бұйрық шыққан күннен бастап, әдетте, үш айдан аспайды. Қажет болған жағдайда қосымша зерттеу жүргізіліп, мерзім ұзартылуы мүмкін.