homepage
Фото: ChatGPT арқылы жасалды

Жетісуда жасөспірімдер ЖИ көмегімен жалған чек жасап сатушыны алдаған

13.01.2026, 16:03

Жетісу облысында үш жасөспірім жасанды интеллект арқылы жалған банк чектерін жасаған. Олар осы тәсілмен дүкендер мен сауда нүктелерінде есеп айырысып, қалаған тауарларын сатып алған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жеткізді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Заңбұзушылық кәсіпкерлердің арызынан кейін анықталды. Олар есепшоттарға нақты түскен қаражат пен сатып алушылар ұсынған электронды чектер арасындағы айқын сәйкессіздікті байқаған.

Аталған дерек бойынша алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.