Ержан Қазыхан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасымен АҚШ-пен келіссөздер жүргізу процесінде Мемлекет басшысының өкілі болады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Президенттің өкімімен Ержан Қазыхан Хозеұлына Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздерге қатысу міндеті жүктелді. Қазіргі таңда ол Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарып отыр.
Ержан Қазыхан дипломатиялық қызметте ұзақ жылдар еңбек еткен. Ол әр кезеңде Қазақстанның БҰҰ жанындағы өкілі, Куба мен Австриядағы елші, сыртқы істер министрі, сондай-ақ Ұлыбритания, Ирландия, Исландия және АҚШ-та елші болған. 2022 жылдың қаңтарында Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2023 жылдың күзінен бері Мемлекет басшысының халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып келеді.
Айта кетейік, қаңтардың 9-ы күні Астанада Президент Тоқаев АҚШ елшісі Джули Стаффтті қабылдаған болатын. Кездесу барысында елші Қазақстан мен АҚШ арасындағы қатынастар тарихтағы ең жоғары деңгейге жеткенін атап өтті.
Джули Стаффттың айтуынша, Президент Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп тұрақты байланыста және алдағы уақытта тағы да кездесу өткізуді жоспарлап отыр.