homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Алматыда "резеңке" пәтердің иесі сотталды

13.01.2026, 13:47

Алматыда бір бөлмелі пәтерге 109 адамды тіркеген үй иесі бір жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл деректі Алматы қаласының прокуратурасы анықтады. Ведомствоның мәліметінше, пәтер иесі бір бөлмелі үйіне 109 адамды тіркеп, ол үшін сыйақы алып отырған. Алайда тіркелген адамдардың ешқайсысы аталған мекенжайда тұрмаған.

Прокуратура пәтер иесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы – «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Іс сотқа жолданып, нәтижесінде айыпталушы кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен ол бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Айта кетейік, Қазақстанда тұрғын үйге адам тіркеу толықтай онлайн форматқа көшті.