homepage
Фото: ашық дереккөзден

Хасан Қасымбаевтың 12 жылдық үкімі апелляцияда қайта қаралады

13.01.2026, 12:09

12 жылға сотталған Хасан Қасымбаев пен өзге де айыпталушыларға қатысты қылмыстық іс Алматы облысындағы апелляциялық сотта қаралады. Бұл ақпарат сот кабинетіндегі деректерде көрсетілген деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Іске байланысты бірінші сатыдағы сот үкіміне сотталғандардың адвокаттары апелляциялық шағым түсірген. Шағым Хасан Қасымбаевпен қатар Мадияр Қалимжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхамет Сұлтанбеков және Данияр Аскаров тарапынан берілген.

Іс материалдары 2026 жылдың 13 қаңтарында судьяның қарауына жолданған. Алайда апелляциялық істі қарайтын сот алқасының құрамындағы судьялардың аты-жөні әзірге көрсетілмеген. Сондай-ақ іс материалдары да жария етілмейді.

Хасан Қасымбаевтың есімі жасөспірім Шерзат Полаттың қазасынан кейін атала бастаған. Тергеу барысында Талғардағы қылмыстың «Хуторлықтар» деп аталатын ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысы бар екені айтылған.

Айыпталушыларға Қылмыстық кодекстің адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және қорқытып алу баптары бойынша айып тағылған.