homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Атырауда жоғалған отбасының қызына халықаралық іздеу жарияланды

13.01.2026, 10:13

Атырау облысынан жоғалған отбасы мүшелерін Қазақстан аумағында іздеу нәтиже бермеген соң, күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев пен қызы Ақбаян Мұқанғалиева халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Сұлтан Сәрсемәлиев қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған және тергеуде негізгі тұлға ретінде қарастырылып отыр. Ал Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты күдікті мәртебесі ресми түрде жарияланған жоқ.

Бұған дейін олардың SIM-карталары Қазақстаннан тыс аумақта, Бали аралында тіркелгені хабарланған. Алайда Интерпол желісі арқылы ресми іздеу жарияланғаны жөнінде ақпарат жоқ.

Еске салсақ, 2025 жылдың күзінде бір отбасының төрт ересек мүшесі жоғалып кеткен. 6 қаңтарда ата-анасы — 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайда көмілген күйде табылды. Қалған екі отбасы мүшесінің тағдыры әлі белгісіз.