2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстандағы банк секторының активтері 68,3 трлн теңге, ал халыққа берілген қарыз көлемі 24,6 трлн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қарыздың негізгі бөлігі тұтынушылық кредиттерге тиесілі. Бұл бағыттағы берешек 16,6 трлн теңге болды. Ипотекалық кредиттер көлемі 6,8 трлн теңге.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәліметінше, 2025 жылғы қараша айының өзінде қазақстандықтарға берілген жаңа қарыз көлемі 1,6 трлн теңгеге жеткен.
Қазіргі таңда елде 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.