homepage
фото: ашық дереккөзден

13 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы

13.01.2026, 01:30

Солтүстікте қатты аяз, шығыста боран, ал оңтүстікте күн ысиды. “Қазгидромет” 13-нші қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

 

Солтүстік Қазақстан облысында аяз күшіне мінеді. Бүгін күндіз 20-25 градусқа дейін суытса, алдағы түндері сынап бағанасы 35-38 градусқа дейін төмендейді. Елдің батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Елдің шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі. 

Астанада ауа температурасы -16°C көрсетсе, Алматыда күндіз +6, ал Шымкентте күндіз +14 градусқа дейін жылынады.