homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қазақстан шекарасында бір күнде екі рет жер сілкінді

12.01.2026, 17:14

Қазақстан шекарасына жақын аумақта, Өзбекстанда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Еуропалық-жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы дерегіне сәйкес, магнитудасы 2,6 болатын жер сілкінісі 12 қаңтар күні Астана уақытымен 14:41-де Өзбекстан аумағында тіркелген. Сейсмикалық картаға қарағанда, жерасты дүмпулерінің ошағы Қазақстан шекарасынан шамамен 60 шақырым жерде орналасқан.

Сондай-ақ, бүгін Алматы маңында да жер сілкінісі болған. Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мәліметінше, оның магнитудасы 4,0-ге тең.