Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 29 күнге созылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жазды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
ҚМДБ дерегіне сәйкес, Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт мерекесі 20 наурыз, жұма күні атап өтіледі. Ал Құрбан айт 27–29 мамыр күндеріне сәйкес келіп тұр.
«2026 жылы Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт 20 наурыз күні өтеді. 27–29 мамыр аралығында қазқастандықтар Құрбан айт мерекесін атап өтеді», – деп хабарлады ҚМДБ.
Діни басқарма хижра айларының басталуы халықаралық астрономиялық орталықтардың деректеріне сүйеніп есептелгенін нақтылады. Сонымен бірге жаңа айдың көрінуіне байланысты кейбір күндер бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін.