Әлеуметтік желілерде жалған жазылушыларды көбейту шариғатта харам саналады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінің айтуынша, бүгінде көп адамдар мен компаниялар әлеуметтік желідегі жазылушылар, ұнатулар, пікірлер санын арттыру үшін түрлі қызметтерге жүгінеді. Ол үшін арнайы сервистермен келісімшарт жасалып, ақы төленеді. Діни басқарманың түсіндіруінше, мұндай әрекет шариғатта алдау болып есептеледі, ал ол үшін ақы алу өзгенің мүлкін заңсыз иемдену саналады.
«Егер тапсырыс беруші бұл тәсілге әдейі барса, күнәсы одан сайын ауырлай түседі. Себебі ол парақшаны шын мәнінде жоқ сипаттармен көрсеткісі келеді. Шариғатта бұл өтірік пен алдау болып саналады. Мұсылман адам адал еңбектеніп, шынайылық пен тазалықты сақтауы тиіс», – деп атап өтті діни басқарма.