homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Бай-бағландар иелігіндегі шұрайлы жерлер мемлекетке қайтарылды

12.01.2026, 15:05

Алатау бөктерінде, Каспий теңізі жағалауында және Бурабай ұлттық паркінің аумағында орналасқан шамамен 800 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, аталған жер телімдері бұрын ірі меншік иелерінің қолында болып, ұзақ уақыт бойы тиімді пайдаланылмаған. Мемлекетке қайтару нәтижесінде жайылымдық жерлердің көлемі артқан.

Қайтарылған аумақтар ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталады.