Қазақстанда ауа райы күрт суытады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Мұзды мұхиттағы Нова Земля аудандарынан ел аумағына қуатты антициклон жылжып келеді. Ол Қазақстанға қатты аяз бен екпінді жел алып келеді.
Қазгидромет дерегіне сәйкес, суық алдымен солтүстік өңірлерден басталып, кейін басқа аймақтарға тарайды.
«14 қаңтарға қараған түні солтүстік облыстарда ауа температурасы −30…−38 градусқа дейін төмендейді. 15 қаңтарда осындай аяз елдің шығыс бөлігінде күтіледі», – деп хабарлады синоптиктер.
Ауа райының нашарлауы желдің күшеюімен қатар жүреді. Республиканың солтүстік жартысында желдің екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.