homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы аспанындағы қауіп: әуежай қауесетті жоққа шығарды

12.01.2026, 11:08

11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні Алматы әуежайынан ұшуы тиіс бірқатар рейс бірнеше сағатқа кешіктірілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Алматы әуежайының онлайн таблосы

Осыған байланысты әлеуметтік желілерде түрлі қауесет тараған.

Алайда Алматы халықаралық әуежайы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Әуежайдың баспасөз қызметі әуе кеңістігі жабылмағанын атап өтті.

«Рейстердің кешігуі өндірістік және операциялық себептерге байланысты болды және қалыпты жұмыс тәртібі аясында орын алды», – деп хабарлады әуежай өкілдері.

Сондай-ақ әуежайда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқаны, осыған байланысты кейбір кіріп-шығу аймақтары уақытша шектелгені бұған дейін айтылған.