homepage
Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында автобус жолдан шығып кетті

12.01.2026, 10:29

Қарағанды облысында Шахтинск маңында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оқиға Шахтинск қаласынан шығар тұста болған. Боран мен көктайғақ кезінде бағыттық автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі кюветке түсіп кеткен. Салонда шамамен 50 жолаушы болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Ведомство өкілдері ауа райының күрделі екенін ескертіп, жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырды. Полиция өкілдері жылдамдықты асырмауды, арақашықтықты сақтауды, күрт манёвр жасамауды және мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға кеңес береді.