АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзін Венесуэланың президенті міндетін атқарушы ретінде «тағайындағаны» туралы жазба жариялады. Ол жазбасына скриншот қоса тіркеген деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жарияланған сурет Википедиядағы өмірбаяндық анықтама стилінде жасалған. Онда Трамптың жаңа лауазымы ретінде «Венесуэланың президенті міндетін атқарушы» деп көрсетілген. «Тағайындалған» күні 2026 жылдың қаңтары деп белгіленген. Сонымен қатар сол «профильде» ол АҚШ президенті ретіндегі қазіргі қызметін де сақтап қалған.

Трамптың жазбасында АҚШ әскери күштері Венесуэланың басшысы Николас Мадуроны ұрлап әкеткені туралы айтылып, осыдан кейін елдегі жағдайды бақылауды өзі қолына алатыны көрсетілген.