homepage
фото: ашық дереккөзден

Иранда үш күндік аза тұту жарияланды

12.01.2026, 03:59

Иран үкіметі «шаһидтерге» арнап үш күндік ұлттық аза тұту жариялады. Құқық қорғау ұйымының мәліметінше, елде үкіметке және экономикалық дағдарысқа қарсы екі аптаға созылған наразылықтар барысында 500-ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

HRANA құқық қорғау ұйымы Иранның ішіндегі және елден тысқары жүрген белсенділерден алынған соңғы деректерді жариялады. Оған сәйкес, екі аптаға созылған тәртіпсіздіктер кезінде 490 наразылық білдіруші мен қауіпсіздік күштерінің 48 қызметкері қаза тапқан, сондай-ақ 10 600-ден астам адам қамауға алынған. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Тегеран АҚШ президенті Дональд Трамп наразылық білдірушілерді қолдау мақсатында елдегі жағдаайда жағдайға араласса, америкалық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеді.

Иран билігі тәртіпсіздіктердің үдеу түсуіне АҚШ пен Израильді айыптап, дүйсенбі күні «Иранда АҚШ пен Израиль тарапынан жасалып жатқан террористік әрекеттерді» айыптау үшін жалпыұлттық митинг өткізуге шақырды, деп хабарлайды мемлекеттік БАҚ.