ҚР Қаржы мониторингі Агенттігі танымал блогер Қайсар Қамзаны іздеп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Блогердің Инстаграм әлеуметтік желісінде 2,4 млн, ал жабық телеграм арнасында 400 мың жазылушысы бар. Соңғысында ол жыл бойы онлайн-казиноны жарнамалап келген. Агенттік осы үшін блогерді айыптап, іздеу жариялап отыр. Қазақстанда тыйым салынған ойын бизнесін жарнамалағаны үшін ол криптовлюта түрінде ақы алып келген. Оның 200 мың доллар табысын күштік құрылымдар тәркіледі, деген ақпарат тарады.
Егер оны қазақстандық күштік құрылымдар заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы деп таныса, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, блогердің өзі әлеуметтік желіде “менде бәрі дұрыс” деп жазба қалдырған.