Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша тыңдау өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша тәртіптік тыңдау 19 қаңтарда өтеді. Оның айтуынша, істі қарау федерацияның қолданыстағы ережелері аясында, әділдік қағидаттарын, кінәсіздік презумпциясын және допингке қарсы халықаралық талаптарды толық сақтай отырып өтеді.
"Түпкілікті шешім шығарылғанға дейін кез келген алыпсатарлық пен жария түрде қорытынды жасауға жол берілмейді деп санаймыз", - деп жазды ол.