Әлеуметтік желілерде “екінші деңгейлі банктер кейбір азаматтардың несиесін кешіріп жатыр” деген ақпарат тарап жатыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
“Шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеуді, тек ресми дереккөздерді пайдалануды сұраймыз. Сондай-ақ түрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз. Қасақана жалған ақпарат тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз”, – деп мәлімдеді агенттік.
Айта кетейік, былтыр қазақстандықтар бөліп төлеу тәсілімен 2,4 трлн теңгеге тауар сатып алған.