«Қазгидромет» 11 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайлы Juzmedia.kz.
Болжам бойынша, батыстан жылжыған циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз кей өңірлерде жауын-шашын аралас жаңбыр жауады, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Ал елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз болмайды.
11 қаңтарда солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда түнде қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар түсуі ықтимал.
12 қаңтарда шығыс өңірлерде түнде қар, ал күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда 10–12 қаңтар аралығында, сондай-ақ 12 қаңтарда оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, шығысында күндіз ауа температурасы –3…+3 градус аралығында болады.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын ұстануға шақырды.