homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Екібастұзда тұрмыстық жанжал адам өліміне әкелді

10.01.2026, 11:41

Павлодар облысының Екібастұз қаласында тұрмыстық жанжал адам өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиға 2026 жылғы 9 қаңтарда қаладағы пәтерлердің бірінде болған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Тұрмыстық жанжал кезінде, алдын ала дерек бойынша алкогольдік мас күйде болған қатысушылардың біріне бірнеше рет пышақ жарақаты салынған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ тағы бір әйел адам пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция ведомствосы.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.